Үміт • 06 Наурыз, 2023

Ержүрек Ертөстік екі адамды ажалдан арашалап қалды

1730 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрманғазы ауданында тұратын Ертөстік Қа­леновті бейбіт күннің батыры деуге болады. Өйткені суға батып ба­ра жатқан екі адамды бір өзі құтқарып қал­­ды. Аман қалған­дар­дың бірі – ауылдас әйел болса, екіншісі – мек­теп оқушысы.

Ержүрек Ертөстік екі адамды ажалдан арашалап қалды

Бұл ауданда су айдыны көп. Үш бала Байтарал елді мекенінің тұсындағы «Сұрхан» каналына ойнауға барған. Мұз ойылып, бір бала суға түсіп кеткен. Көмек сұраған балалардың дауысын естіген біреуінің анасы жүгіріп жағаға жеткен. Екі баланы қауіпсіз жерге шығарып, ойықтағы жасөспірімді құтқару үшін қолын созған. Бірақ өмір үшін жанталасқан баланы шығара алмай, өзі де суға құлаған.

Жағадағы балалардың бірі Ертөстік Қаленовтің үйіне барып, көмек сұраған. Ол алдымен ойықтан әйелді құтқарған. Содан кейін судан шашы ғана көрініп тұрған баланы суырып алып, ажалдан арашалап қалды. Жедел жәрдем шақырып, фельд­шерлер Мерей Разеденов пен Айнұр Өтесоваға тап­сыр­ған. Олар судан құтқарылған балаға алғашқы көмек көрсе­тіп, аудандық орталық ауруханаға жеткізген. Дәрігер­лер кли­никалық өлім жағдайындағы баланы өмірге қайта оралтты.

– Қазақтың кез келген азаматы қиналған жанға көмек беруден қашпайды. Балалар үйіме келіп, суға кеткен екі адамды құт­қаруға көмектесуімді сұрады. Олардың қиналған түрін көріп, шыдап тұра алмадым. Екі адамды ажалдан құтқарып қалғанымды ерлікке баламаймын. Менің орнымда өзге адам болса, дәл осылай әрекет еткен болар еді, – дейді Ертөстік Қаленов.

 

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15