
Осы күнге дейін 16 рет октагонға шығып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтқан қандасымыз аталған кеште Джефф Нилмен күш сынасады. 32 жастағы АҚШ-тың файтері 19 кездесудің 15-ін өз пайдасына шешті. 11 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Ол – бразилиялық джиу-джитсудың хас шебері. Өзінің соңғы кездесуін Нил былтыр тамыз айында Висенте Лукеге қарсы өткізіп, оны үшінші раундта нокаутқа жіберді.
Лас-Вегастағы жарыстың негізгі кардындағы бәсекелер Валентина Шевченко (Қырғызстан) мен Алекса Грассо (Мексика), Джалин Тернер (АҚШ) мен Дэн Хукер (Жаңа Зеландия), Джейми Пикетт (АҚШ) пен Бо Никал (АҚШ) сынды спортшылар арасында өтеді.