Әлем • 24 Ақпан, 2023

Түркияның жеті елдегі елшісі ауысты

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия 7 елдегі, соның ішінде Қазақстандағы елшісін ауыстырды. Тиісті құжатқа ел президенті Режеп Тайип Ердоған қол қойды, деп хабарлайды  Egemen.kz  «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның жеті елдегі елшісі ауысты

Ердоған қол қойған құжаттың мәтіні үкіметтің ресми басылымы - Resmi Gazete-де бейсенбі күні жарияланған.

Құжатқа сәйкес Түркия Қазақстаннан бөлек, Португалия, Ұлыбритания және Ирандағы елшілерін ауыстырған.

Түркияның Қазақстандағы жаңа елшісі болып құқықтық қызметтер жөніндегі басқарманың бас директоры қызметін атқарған Мустафа Капуджу тағайындалды.

Қазақстандағы бұрынғы елші Уфук Экиджи Түркияның Луандадағы дипломатиялық миссиясының басшысы болды.

Daily Sabah басылымының хабарлауынша, қалған алты елші елдің Сыртқы істер министрлігінің Анкарадағы штаб-пәтеріне ауыстырылған.