Қоғам • 20 Ақпан, 2023

Қазақстанда қауіпті жүргізушілерді тіркейтін камералар іске қосылды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі жол ережелерін өрескел бұзатын азаматтарды тіркейтін «Қорғау» бағдарламасы туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қауіпті жүргізушілерді тіркейтін камералар іске қосылды

«Депутаттарға жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатындарды анықтау бойынша «Қорғау» жүйесі жұмысының ерекшеліктері жайында айтып бердік. Бағдарлама көше камераларының мәліметтерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейлердің планшетіне қауіпті жүргізушінің келе жатқаны туралы сигнал береді», деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Бүгінде «Қорғау» бағдарламасының көмегімен тәртіпбұзушылардың 18 мыңға жуық көлігі айып тұрағына қойылып, жалған нөмір қолданудың 909 дерегі анықталғаны атап өтілді. Сондай-ақ көлік жүргізу құқығы жоқ немесе бұрын құқығынан айырылған үш мыңнан аса жүргізуші ұсталған.
 
Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025