Аймақтар • 19 Ақпан, 2023

Екібастұз оқушылары қашықтан оқитын болды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-24 ақпан аралығында Екібастұз қаласындағы мектептер, колледждер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары ЖЭО-дағы апат салдарынан үйде оқитын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұз оқушылары қашықтан оқитын болды

«Екібастұз жылу энерго» ЖШС деректері бойынша бүгінгі күні қалада жылу беру оңтайлы параметрлерге шығарылды, алайда білім беру ұйымдарына үй-жайларды жылыту және қажетті температуралық режимге қол жеткізу үшін уақыт қажет.

«Білім беру ұйымдарында температура мониторингі күн сайын жүргізіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес температуралық режимге жеткен кезде мектептер, колледждер және қосымша білім беру ұйымдары жеке тәртіппен штаттық оқыту режиміне ауыстырылады», деп атап өтті қаланың Білім беру басқармасынан.

Нақтыланғандай, балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істейді.