Білім • 17 Ақпан, 2023

PhD докторларын даярлауға арналған грант саны артады

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҒЖБМ 2023 жылдан бастап резидентурада даярлауға арналған гранттар санын кезең-кезеңімен 70 пайызға көбейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

PhD докторларын даярлауға арналған грант саны артады

Ашық НҚА порталында Қазақстанда жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының  жобасы жарияланды.

Жобаға сәйкес, магистранттар мен докторанттарды оқытуға арналған грант санын арттыру жоспарланған.

«Ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мың грантқа ұлғаяды. Бұдан басқа, 2023 жылдан бастап резидентурада даярлауға арналған гранттар санын кезең-кезеңімен 70%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұймдары мен Ғылыми-зерттеу институты интеграциясы шеңберінде ҒЗИ базасында магистрлер мен PhD докторларын даярлау жалғасады», делінген тұжырымдама жобасында.

Еске салайық, 2022-2023 оқу жылында PhD докторларын даярлауға 1890 грант бөлінген. 

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025