Аймақтар • 16 Ақпан, 2023

Екібастұзда екі адамды тоқ соқты

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда жылыту радиаторлары жарылған үйде тоқ соғып, екі тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда екі адамды тоқ соқты

«Жеке тұрғын үйден 1959 жылы туған ер адам мен 1965 жылы туған әйелдің мәйіттері табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ. Қонақ бөлмеде еденде жалаңаш сымдары бар электр жылытқышы болған», деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл дерек Екібастұз қаласының полиция департаментінде тіркелді.

14 ақпанда мәйіттерге жүргізілген сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша «Техникалық электр тоғының әсерінен жарақаттану» диагнозы қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.