Қаржы • 13 Ақпан, 2023

Доллар бағамы көтерілді

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

Доллар бағамы көтерілді

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,61 теңгеге көтеріліп, 452,43 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 11-13 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 450,79 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 452,03 теңгеден сатып алынып, 455,25 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 453,38 теңге, сату – 457,04 теңге.