Қаржы • 08 Ақпан, 2023

Доллар 455 теңгеге дейін төмендеді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар 455 теңгеге дейін төмендеді

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,28 теңгеге төмендеп, 455,65 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 456,98 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 455,40 теңгеден сатып алынып, 458,44 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 454,97 теңге, сату – 458,59 теңге.