Өнер • 06 Ақпан, 2023

Шиден тоқылған өрнек

320 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Тұңғыш Президент кітапханасында «Тә­уелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында Қа­зақ­стан Су­ретшілер одағының мүшесі, Райгүл Ах­метжанованың «Бақыт құсы» атты жеке көрмесі ашылды.

Шиден тоқылған өрнек

Қазақ сәндік-қолдан­балы өнерінде қырық жыл­дан аса еңбек етіп, өз қол­таң­­басын айшықтаған ше­бердің туындылары – ұлт­тық нақышқа бай әсем­дігі­мен ерекшеленеді. Әсі­ресе автордың көрмеге ұсы­­нылған отыздан аса ағаш, ши, киіз және кера­мика қол­дана отырып жасаған жұ­­мыстарында тың әдістер мен композициялық ше­берлік нәзік үйлесімін тап­­­қан. Әрбір туындысы­нан табиғилық пен шы­на­йылықты көресіз. Бір жа­ғынан, көрме иесі – бұ­рын ата-бабамыз қол­да­нып, кейін ұмытыла бастаған ши тоқу дәстүрін қай­та жаң­ғыртқан шебер. 1997 жылы суретшінің Мұх­тар Әуе­зовтің шиден то­қы­ған портреті Париж кон­сер­ваториясындағы көрмеге қойылған.

Көрменің ашылуында Тұңғыш Президент кі­тап­ханасының директо­ры Бақытжан Темір­болат суретшінің шығарма­шы­лығын ерекше атап өтті.

– Райгүл Ахметжанова – халық аңыздары мен ән­дерінен шабыт алып, өзі­нің қайталанбас стилін қа­лыптастырды. Шебердің шы­ғармашылық таланты мен философиялық тұр­ғыда ерекше ойлауының ар­қасында киіз бен шиден жасалған дәстүрлі материалдар заманауи көр­кем образдар мен идеялар тудырды, – деп бағалады

Сондай-ақ белгілі жазу­шы, Мемлекеттік сый­лық­­тың лауреаты Әлі­бек Асқаров та жылы ле­бі­зін білдірді. «Әр сурет­ші өзінің жолымен жү­­ріп, шығармашылықта еш­­кімге ұқса­майтын стилін тапқан­да ғана өнерде өз ізін қал­дырады. Бүгінгі көрменің иесі осындай ерекше стильге ие, оның жұмысы ата-баба дәстүрін жалғастыруда», деді қаламгер.

Айта кетейік, жоғары шығармашылық жетістігі үшін «Әбілхан Қастеев» ме­­далін иеленген Райгүл Ах­­метжанованың еңбектері Қазақстанда ғана емес, АҚШ, Ұлыбритания, Гер­ма­ния, Швеция, Франция, Пә­­кістан секілді елдердегі жеке жинақтарда сақталған.

Соңғы жаңалықтар