Қазақстан • 27 Қаңтар, 2023

Қазақстан елшілігі Корея Кеден қызметінің наградасына ие болды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның астанасында Халықаралық кеден күні мерекесіне арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан елшілігі Корея Кеден қызметінің наградасына ие болды

Оған әртүрлі елшіліктердің 70-тен астам дипломаты, соның ішінде шетелдік дипломатиялық миссиялардың 31 басшысы қатысты.

Іс-шара барысында Корея Республикасы Кеден қызметінің комиссары Юн Тэ Шик барлық қатысушыларды халықаралық кеден күні мерекесімен құттықтап, шет елдердің кеден қызметтері арасында өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті.

Соңында Корея кеден қызметінің басшысы Қазақстан Республикасының елшілігіне кеден қызметі саласындағы екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан зор үлесі мен белсенді ынтымақтастығы үшін награда табыстады.

Оңтүстік Корея тарапының статистикасына сәйкес, 2022 жылы Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 6,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл екі ел арасындағы сауда қатынастары тарихындағы рекордтық көрсеткіш.