Спорт • 25 Қаңтар, 2023

Илья Ильин өзін Ауыр атлетика федерациясының президенті қызметіне ұсынды

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан спортшысы, белгілі ауыр атлет Илья Ильин еліміздің Ауыр атлетика федерациясының басшылық қызметіне дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Илья Ильин өзін Ауыр атлетика федерациясының президенті қызметіне ұсынды

Мәдениет және спорт министрлігінің алқалы отырысында Илья Ильин федерацияның қазіргі жұмысына алаңдаушылық білдірді.

«Мен бұл жерде екі жыл кәсіби спортшы ретінде емес, спорт менеджері ретінде жұмыс істедім. Екі жыл бойы командада шешім қабылдап, басқа да шаруаларына да қатысып жүрдім. Бір жылдан бері біз ауыр атлетика федерациясына лайықты басшы таба алмай жүрміз. Бір жарым жыл бұрын мен менеджер болып кіргенімде бапкерлермен сөйлестім, өзекті мәселелер қозғалды», деді Ильин.

Спортшының айтуынша, ауыр атлетика - түрлі жарыстарда Қазақстан қоржынына ең көп медаль салатын спорт түрлерінің бірі, ал ауыр атлеттердің жаңа буыны бұдан да зор нәтиже көрсетуі қажет.

«Мен қазір әріптестеріме, басшылыққа, Алтай Көлгіновке және Асхат Ораловқа өтініш білдіргім келіп тұр. Бір шешім қабылдаңыздар, мен жетілдім, басшылық қызметті қабылдауға, команданы өз қолыма алуға дайынмын. Себебі мен бұл спорттың қыр-сырын жақсы білемін. Маған қолдау көрсетулеріңізді сұраймын», деді Илья Ильин.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бұл мәселені Ильинмен бөлек талқылауға дайын екенін айтты.