Бүгінде мемлекетке де, отбасына да салмақ салмай әлемнің белді университеттерінде мыңдаған қазақ баласы оқып жүр. Өйткені сапалы білім – жақсы жұмыс тауып, жайлы өмір сүру үшін қажет негіз. Жастар таңдауының көш басында Еуропа елдері, АҚШ пен Ұлыбритания және Оңтүстік Корея тұр.

Соңғы 10 жылда шетелде білім алу қалыпты жағдайға айналды. «Болашақ» бағдарламасынан бөлек, қазақстандық студенттерге әлемнің әр бұрышындағы кез келген мемлекет арнайы тегін грант ұсынады. Тек тіл меңгеріп, тиісті құжаттарды талапқа сай тапсырып, тәуекел ете білсе болғаны. Бұл мүмкіндікті қалт жібермегендердің бірі – Айзере Орымбай.
Ол өзінің еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында қазір Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласындағы Кенбук ұлттық университетіне грантқа түсті. Мамандығы – «Медиа және коммуникация». Айзере әзірге корей тілін жетілдіру мақсатында Пусан шет тілдер университетінде оқып жатыр.
– Білім-білігіңді жан-жақты дамытып, жаңартып отырмасаң, уақыт өте қажетке жараудан қалады. Мен бакалавр мен магистратураны Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыдым. Студент кезімнен корей сериалдарын көргенді ұнататынмын. Одан қалды жасөспірім шақтан шетелде оқуды армандайтын едім. Өзіме мақсат қойып, корей тілін үйрене бастадым. Магистратураға түсу жолдарын қарастырдым. Осылайша Корей үкіметі бөлген грантты ұтып алдым. Олар менің оқу ақымды, баратын ұшақ билетімді толық өтеді. Бұған қоса ай сайын 380 мың теңге көлемінде шәкіртақы береді. Мұнда студенттер үшін барлық жағдай жасалған. 24 сағат жұмыс істейтін кітапхана, кез келген жерде интернет жүргізілген. Тіпті университеттің ішінде фитнес орталығы, қыздарға арналған маникюр орындары да бар. Ең маңыздысы, нәзік жандар үшін бұл аумақ өте қауіпсіз, – деді Айзере Орымбай.
Айзеренің пікірінше, шетелде оқығанның қолайсыз тұстары да кездеседі. Бір қызығы, Корей үкіметі егер студент сабаққа бір күн қатыспай қалса, сол күннің оқу ақысын қайтарып алады екен. Бұл – өзіміздің ұлттық валютаға шаққанда шамамен 10 мың теңге. «Сондықтан сабаққа келу қатаң тексеріледі», дейді ол.
– Мәселен студент ауырып қалды делік. Студент университеттің емханасына келіп, дәрігер тексерісінен өтуге тиіс. Егер сырқаты күрделі болса, оқу орнының медициналық қызметкерлері қаладағы басқа ауруханаларға бағыттайды, – деді А.Орымбай.
Бұған қоса, Оңтүстік Кореяда әлеуметтік жағдай тұрақсыз. Тамақтың бағасы шарықтап тұр. Мәселен 5 мың теңгеге екі түйір алма ғана алуыңыз мүмкін. Сондай-ақ корей тілін білмесеңіз, көптеген қиындықпен бетпе-бет келуіңіз ықтимал. Мұнда қосымша, арнайы құрылғылар және қызмет көрсету орталықтары көбінесе өз тілінде жұмыс істейді.
Кезінде шетел асып, білім қуған жастың бірі – Қарлығаш Ещанова. Ол Ұлыбританиядағы Ливерпуль университетінде оқыған. Екінші дәрежедегі ғылыми деңгейін алып, эколог атанды. Қазір білімін қазақ жастарын дамытуға арнап жүр. 20-дан астам шәкірті де бар. Кейіпкеріміздің сөзінше, әлемдік белді университеттерде оқудың да өз ауыртпалықтары бар.
– Әлемдегі ең үздік университеттердің басым бөлігі – Ұлыбританияға тиесілі оқу орындары. Сөзсіз, сапалы білім береді. Мұндағы зертханалардың жабдықталуы, оқытылу жүйесі, кітапханалардың байлығы жағынан студенттерге өте қолайлы. Мұнда экологияны оқу үшін, Уэльс штатынан бастап, Англияға дейін тұтас елді аралап шықтым. Яғни сабақтар университет шеңберімен шектеліп қалмайды. Табиғатқа, теңізге шығу сияқты практикалық сабақтар көп болады. Кез келген жерде ғылыми-зерттеу орталықтары бар. Бірақ шетелде біздегідей еркінсіп жүретін жүйе жоқ, ерке баланың сценарийі жүрмейді. Бұл ерекше күш-қайрат, ерік жігерді қажет етеді. Өзім алғаш оқыған жылдары бір пәнге қажетті тапсырма үшін кітапханада 4-5 сағатымды арнайтынмын. Кейде қонып та қалатын уақыттар аз болмады. Себебі шетелде сабақ беретін ұстаздар сіздің қай жақтан келгеніңізді, бұрынғы базалық біліміңіздің бар-жоғын елемейді. Олар сіздерге өздеріндегі білім беру стандартын білуі керек деген қағиданы ұстанып, тапсырмалар жүктейді. Демек сіздің өреңіз әлемдік стандарттарды қабылдауға дайын болуы қажет. Шыдамдылық пен өжеттілік те керек. Себебі мұндағы қатаң талапқа шыдамай, оқудан қол үзіп қалған таныстарым да болды, – деді Қ.Ещанова.
Байқағанымыздай, шетелде оқу – ерік-жігерді, еңбекті, сонымен қатар көп ізденісті, өз бетінше үйренуді талап етеді. Жалпы, қазір білектің күшіне емес, білімге арқа сүйейтін заман. Талабы таудай жастар мұны ескеріп, жат жерде жүріп оқудың қиындығы мен ауыртпалығына қарамастан, қарым-қабілеті мен білім-біліктілігін тереңдетіп жүр. Өйткені олар кез келген білім – болашаққа салынған жақсы инвестиция деп біледі.
Астанада #EREKSHETEATR-дың әртістері өнер көрсетті
Мәдениет • Бүгін, 11:32
Қостанайда пиязды заңсыз әкетпек болғандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 11:11
Астана халықаралық форумы 8-9 маусымда өтеді
Елорда • Бүгін, 10:53
Түркияның орталығында жаңа жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 10:32
Семейдегі коммуналдық апат: 16 аула мен 6 үйді су басып қалды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Қазақстанның құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды
Қазақстан • Бүгін, 10:18
ОСК-ға қандай партиялар құжат тапсырды?
Қоғам • Бүгін, 10:01
Биыл 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 09:56
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 09:45
Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • Бүгін, 09:33
Екі сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды
Оқиға • Бүгін, 09:21
Түркия мен Сириядағы құрбандар саны 3500 адамнан асты
Әлем • Бүгін, 09:13
7 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:08
Коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Саясат • Бүгін, 08:58
Субсидия: онлайн алудың жолы оңай болмай тұр
Субсидия • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Еңбек • Бүгін, 08:45
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40
Татами табандылықты талап етеді
Спорт • Бүгін, 08:35
Ауыл • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Кеше
Ғылым • Кеше
Партия • Кеше
Отбасы • Кеше
Әлем • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: кезекке тұрудың әлегі
Несие • Кеше
Гарвардтағы қазақ ғалымының жобасы
Ғылым • Кеше
Қоғам • Кеше
Құқық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Жалпыұлттық деңгейге көтерілген газет
Тарих • Кеше
Ахмет Жұбановтан бата алған дарын
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар