Қоғам • 24 Қаңтар, 2023

Көпбалалы отбасыларға 346,8 млрд теңге жәрдемақы төленді

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін жалпы сомасы 346,8 млрд теңгеге орта есеппен 501,2 мың отбасы алды. Оның ішінде желтоқсан айында 530,8 мың отбасына 31,2 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көпбалалы отбасыларға 346,8 млрд теңге жәрдемақы төленді

«Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады», делінген Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратта.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі. Көпбалалы отбасылардағы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК (2022 жылы – 50 976 теңге, 2023 жылы – 55 304 теңге);

- 5 балаға – 20,04 АЕК (2022 жылы – 63 728 теңге, 2023 жылы – 69 138 теңге);

- 6 балаға – 24,05 АЕК (2022 жылы – 76 479 теңге, 2023 жылы – 82 973 теңге);

- 7 балаға – 28,06 АЕК (2022 жылы – 89 231 теңге, 2023 жылы – 96 807 теңге);

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК мөлшерінде (2022 жылы – 12 720 теңгеден, 2023 жылы – 13 800 теңгеден).

Көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артты.