ANTIKOR • 23 Қаңтар, 2023

Жылумен жабдықтау саласында жемқорлық фактілері анықталды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы жылу желілері» ЖШС және «Балқаш жылу» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істерді тергеп бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылумен жабдықтау саласында жемқорлық фактілері анықталды

«АлТС» ЖШС бас директоры мен басқа да қызметкерлері 16 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді.

- «Балқаш жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және бас бухгалтері өздерінің карточкалық шоттарына артық жалақы есептеу жолымен 272 миллион теңгеден астам ұрлық жасады деген күдікке ілінді (ҚР ҚК 189-бабы). Бұл ретте серіктестіктің жеткізушілер алдында 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға қарызы болған. Екі факт бойынша да күдіктілердің кінәсін толық мойындауына байланысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ведомство хабарламасында.