Президент Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Allur зауытына барып, Kia автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін (CKD) іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Зауыт басшылығының айтуынша, өткен жылц 614,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Былтыр зауыт құны 21,5 миллиард теңге болатын өнім экспорттады. Қазір кәсіпорында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Allur автомобиль зауытының жаңадан іске қосылған желісі Kia Sportage моделіне арналған. CKD – шанақтарды дәнекерлеу, бояу және құрастыру жөніндегі технологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын шағын торапты автомобиль өндірісі. Ол үшін арнайы цехтар ашылған. Kia өндірісінің осы технологиялары Орталық Азия мен ТМД бойынша Қазақстанда ғана орналасқан.
Президент зауытты аралау барысында жас жұмысшылармен әңгімелесіп, оларға қолдау білдірді.
«Шын мәнінде, зауыт өте керемет екен. Таза әрі өндіріс мәдениеті өте жоғары. Біз жаңа ғана Кіа Sportage көлігін көрдік. Бұл көліктің сапасы өте жоғары. Сондықтан сұраныс жоғары болады деп ойлаймыз. Біз келешекте инвесторлар шақырып бұл зауытты ұлғайтамыз. Зауыттың болашағына байланысты ешқандай мәселе жоқ деп ойлаймын. Жастарға үлкен мән беріп отырмыз. Сондықтан бәрі дұрыс болады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Зауыт өкілдері биыл Kia Cerato шығаратын CKD желісін іске қосу жоспарланғанын атап өтті. Сондықтан компания техникалық бағыттағы оқу орындарымен тұрақты жұмыс жүргізуді бастаған. Осы ретте кәсіпорын басшылығы техникалық оқу орындарының студенттері мен түлектеріне арналған 250 орындық кампус үлгісіндегі жаңа заманауи жатақхана құрылысының басталғанын мәлімдеді.
Kia корпорациясының вице-президенті Кан Хун Тэг алдағы өндіріс жоспарлары туралы және Kia Sportage CKD өндірісін дамыту туралы әңгімеледі.
Түркияның орталығында жаңа жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 10:32
Семейдегі коммуналдық апат: 16 аула мен 6 үйді су басып қалды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Қазақстанның құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды
Қазақстан • Бүгін, 10:18
ОСК-ға қандай партиялар құжат тапсырды?
Қоғам • Бүгін, 10:01
Биыл 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 09:56
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 09:45
Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • Бүгін, 09:33
Екі сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды
Оқиға • Бүгін, 09:21
Түркия мен Сириядағы құрбандар саны 3500 адамнан асты
Әлем • Бүгін, 09:13
7 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:08
Коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Саясат • Бүгін, 08:58
Субсидия: онлайн алудың жолы оңай болмай тұр
Субсидия • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Еңбек • Бүгін, 08:45
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40
Татами табандылықты талап етеді
Спорт • Бүгін, 08:35
Ауыл • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Кеше
Ғылым • Кеше
Партия • Кеше
Отбасы • Кеше
Әлем • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: кезекке тұрудың әлегі
Несие • Кеше
Гарвардтағы қазақ ғалымының жобасы
Ғылым • Кеше
Қоғам • Кеше
Құқық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Жалпыұлттық деңгейге көтерілген газет
Тарих • Кеше
Ахмет Жұбановтан бата алған дарын
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматы облысының аты озған спартакиада
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Ұқсас жаңалықтар