Әлем • 19 Қаңтар, 2023

Microsoft компаниясы 10 мың жұмыс орнын қысқартады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Microsoft шығындарына байланысты 10 мың жұмыс орнын қысқартады. Компания басшысы жұмыстан босатылғандардың барлығы түрлі жеңілдіктер алады деп уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Microsoft компаниясы 10 мың жұмыс орнын қысқартады

Бұл туралы компания басшысы Сатья Наделла мәлімдеді.

«Біз үлкен өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатырмыз. Пандемия кезінде тұтынушылардың цифрлық шығындары қалай артқанын көрдік. Ендігі кезекте шығындарды азайтып, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін цифрлық технологияның тиімділігін арттыру қажеттілігі туындайтын болады. Сондай-ақ барлық салалар мен аймақтардағы ұйымдар алдын ала сақтық шараларын енгізіп жатыр. Өйткені әлемдегі кейбір компаниялар рецессияға ұшырап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан біз әлемдегі ең озық модельдерді жаңа есептеу платформасына айналдыруды көздейміз», деді Microsoft басшысы өз мәлімдемесінде.

Қысқартылатындардың саны компанияның барлық қызметкерлерінің 5 пайыздан азын құрайды. Компания өкілдері қысқартылған жұмыс орындарынан үнемделетін 1,2 миллиард долларды жабдықтарды ауыстыруға және жаңа кеңселерді жалға алуға жұмсайтынын айтты.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті