Қоғам • 13 Қаңтар, 2023

Экс-президенттің отбасына қол сұғылмаушылық кепілдігі қарастырылмаған - министр

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділет министрі Азамат Есқараев Елбасы туралы Конституциялық заңның күші жойылғаннан кейін қандай өзгерістер болатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экс-президенттің отбасына қол сұғылмаушылық кепілдігі қарастырылмаған - министр

Фото Tengrinews.kz

«Экс-президент үшін қол сұғылмаушылықтың барлық кепілдіктері сақталады. Жеке басына қол сұғылмаушылық, абырой мен қадір-қасиет, Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қол сұғылмайды және бұл заң бойынша қудаланады», деді ол.

Министрдің айтуынша, заңда бұрынғы президенттің отбасына қол сұғылмаушылық кепілдігі қарастырылмаған.

«Бұл отбасы мүшелеріне қатысты емес, тек оған ғана қатысты», деп қосты Есқараев.