Ең төменгі есеп айырысу көрсеткіші биыл 3450 теңгені құрайды. АЕК мөлшерінің өзгеруіне байланысты Қазақстанда айыппұл мөлшері шамамен 13%-ға өседі.
Зиянды шығарындылар немесе және жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 2 АЕК немесе 6900 теңгені құрайды.
Тұрақ ақысын төлемегені үшін айыппұл 10 350 теңге, дұрыс қоймағаны үшін 17 250 теңге, дұрыс емес жерге қойғаны үшін 34 500 теңгені құрайды.
Бұл ретте жылдамдықты 10-20 шақырымға асырғаны үшін айыппұл 17250 теңгені, жылдамдықты сағатына 20-40 шақырымға асырғаны үшін 34500 теңгені, белгіленген жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырғаны үшін 69 000 теңге айыппұл салынады.
Көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқарғаны үшін айыппұл мөлшері 172 500 теңгені құрайды.
Көлікте сақтандыру болмаған жағдайда 17 250 теңге, ал көлікті құжатсыз басқарғаны үшін 69 000 теңге айыппұл салынады.
Қоғамдық жерге түкіргені үшін қазақстандықтарды 17 250 теңге айыппұл күтіп тұр.