Теннис • 30 Желтоқсан, 2022

Қазақстандық теннисшілер United Cup турнирінде алғашқы ойынын өткізді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннис құрамасы Аустралияның Брисбен қаласында United Cup командалық турнирінде өнер көрсетіп жатыр. Қазақстандықтар алғашқы матчын Швейцария құрамасымен өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілер United Cup турнирінде алғашқы ойынын өткізді

фото: ktf.kz

Қазақстан теннис федерациясы хабарлағандай, бүгін еліміздің бірінші ракеткасы, команда капитаны Александр Бублик кортқа шығады. Ол Швейцарияның аса тәжірибелі ойыншысы Стэн Вавринкамен сынға түседі. Ойын шамамен Астана уақытымен 13.30-да басталады. Жібек Құламбаева әлемнің 35-ракеткасы Жиль Тайхманмен шеберлік байқасады. Ең соңғы бәсеке – аралас жұпта Александр Бублик пен Юлия Путинцева Стэн Вавринка – Белинда Бенчичпен ойнайды.

Жарыстың бірінші күні қазақстандықтар үшін сәтсіз болды. Юлия Путинцева әлемнің 13-ракеткасы, Токио олимпиадасының чемпионы Белинда Бенчичке есе жіберді – 6:7(0:7), 3:6. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 4:2 есебімен алда тұрды. Есеп 5:4 болған мезетте де екі сет-пойнтты пайдалана алмады. Екінші партияда да 2:0 есебімен алға шыққанымен, жеңіліс тапты.

Тимофей Скатов әлемнің 56-ракеткасы Марк-Андре Хуслерге тартысты матчта жол берді – 6:4, 3:6, 3:6.

Осылайша, Швейцария 2:0 есебімен алда тұр.