Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2022

Қазақстан БҰҰ Жарғысын сақтайды - СІМ

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Қазақстан БҰҰ Жарғысын сақтайтыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан БҰҰ Жарғысын сақтайды - СІМ

«Қазір әлем халықаралық жағдайдың күрделі кезеңін бастан өткеріп жатыр. Онда түйінді жаһандық проблемаларды шешудің қарама-қайшылықты тәсілдері мен санкциялық қысым әдістері алдыңғы қатарға шықты. Мемлекеттік шекараларды қайта форматтау жүріп жатыр. Аумақтық даулар шиеленісіп, бұрын «мұздатылған» қақтығыстар қайтадан «қыза» түсті. Украина дағдарысы Ресей мен Батыс арасындағы геосаяси шиеленістің жаңа кезеңіне әкелген ең үлкен сынақ болды. Бір кездері жақын, бауырлас елдер арасындағы әскери қақтығыс осы халықтардың барлық достарына алаңдаушылық тудырады. Біз дәстүрлі түрде тараптарды жағдайды тұрақтандыру үшін елеулі диалог бастауға шақырамыз», деді Айбек Смадияров брифинг барысында.

Бұл ретте Айбек Смадияров Қазақстан БҰҰ қағидатын ұстанатынын атап өтті.

«Қазақстан БҰҰ Жарғысын, халықаралық құқықты және халықаралық қатынастардағы теңдік пен демократия қағидаттарын ұдайы сақтауды қолдайтынын атап өткім келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің инаугурациялық сөзінде атап өткендей, халықаралық турбуленттілік жағдайында Қазақстан теңгерімді, көпвекторлы және сындарлы сыртқы саясатты ұстанады», деп толықтырды ведомствоның ресми өкілі.