Оқиға • 27 Желтоқсан, 2022

Павлодар облысында жол апатынан жолаушы қаза тапты

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында жолаушы жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Павлодар облысында жол апатынан жолаушы қаза тапты

2022 жылғы 26 желтоқсанда сағат 23.00 шамасында 32 жастағы жүргізуші Екібастұз қаласындағы Кеншілер көшесімен жүріп келе жатып, «ВАЗ» маркалы автокөлігімен ағашқа соғылған. Апат салдарынан 20 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақаттарынан қайтыс болды, екінші 29 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды», деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші мас күйде болған. Сондай-ақ тексеру кезінде оның автокөлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталған.

Автокөлік мамандандырылған автотұраққа қамалды. Бірқатар сараптама тағайындалды.