Қаржы • 27 Желтоқсан, 2022

Алина Алдамберген: KASE бағалы қағаздар нарығында бастапқы орналастыру көлемі 30%-ға дейін өсті

319 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Өткен 2022 жыл оқиғаларға толы болды. Сыртқы нарықтар мен әлемдік валюталардың құбылмалылығына, жоғары инфляцияға және орталық банктердің ақша-кредит саясатының қатаңдатылуына қарамастан, Қазақстан қор биржасы ұсынылған қаржы құралдарын әртараптандыру есебінен тұрақты дамуды көрсетті. Биржа қызметінің қорытындылары туралы KASE басқармасының төрағасы Алина Алдамберген толығырақ айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Алина Алдамберген: KASE бағалы қағаздар нарығында бастапқы орналастыру көлемі 30%-ға дейін өсті

- Алина Өтемісқызы, 2022 жылы қор нарығы қандай көрсеткіштерге қол жеткізді, айтып берсеңіз?

- Жалпы KASE 2022 жылды сәтті аяқтағалы отыр. Барлық KASE нарықтарындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 2022 жылдың 11 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,4% - ға өсіп, 235,5 трлн теңгеге жетті. Бұл ретте сауда-саттық құрылымы ақша және валюта нарықтарына, сондай-ақ МБҚ секторына көшті.

Ақша нарығында сауда-саттық көлемі 11 айда 209 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда 62,4% - ға жоғары. Мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі кәсіби қатысушылардың қысқа мерзімді өтімділік нарықтарына жылдам қол жеткізуге сұранысы есебінен өткен жылдың 11 айында 572 млрд теңгеден осы жылдың 11 айында 933 млрд теңгеге дейін өсті.

KASE бағалы қағаздар нарығында бастапқы орналастыру көлемі қаңтар - қараша айларында 30% - ға, яғни 4,7 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте қағаздарды орналастыру арқылы ақша қаражатын тартудың ең көп үлесі мынадай секторларға тиесілі: МБҚ – 75,3%, корпоративтік облигациялар – 22,8%, халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары – 1,8% және акциялар - 1% - дан кем.

Бағалы қағаздардың қайталама нарығында осы жылдың 11 айында сауда-саттық көлемі 2,8 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 55,2% - ға жоғары. Қайталама нарықтағы мемлекеттік облигациялармен сауда - саттық көлемі осы кезеңде 2,4 есе -1,77 трлн теңгеге дейін өсті. Биылғы жылы МБҚ нарығында TONIA индикаторына негізделген өзгермелі купондық мөлшерлемесі бар шығарылымдар пайда болды. Корпоративтік эмитенттердің орналастырулары жоғары қарыз алу мөлшерлемесі мен белгісіздік есебінен кідіріс болды.

Шетел валюталарымен сауда-саттықтың жалпы көлемі 11 айда 19 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 39,6% - ға жоғары. USD / KZT жұбымен сауда-саттық үлесі 97,3% - дан 70,3% - ға дейін төмендеді. EUR/USD жұбы 11 айдың қорытындысы бойынша валюта нарығындағы сауда-саттықтың жалпы көлемінде 15,6%  алады. KASE-дегі RUB/KZT валюталық жұбымен сауда-саттық көлемі 2022 жылдың 11 айында 1,9 трлн теңгені (валюталық сауда-саттық көлемінің 10,2%) құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,8 есе жоғары. Қараша айының соңында KASE алаңында алғаш рет  7,9 млрд теңге сомасында бір миллион дана Ресей рублінің теңгеге бағамына фьючерстік келісімшарттармен бес мәміле жасалды.

- 2022 жылы Қазақстанның қор нарығында қандай негізгі трендтер болды?

- Қазақстандық қор нарығына үш ірі тренд әсер етті. Біріншіден, жергілікті жария компаниялардың акциялары сыртқы тәуекелдерді - әлемдік инфляцияның өсуін және орталық банктердің мөлшерлемелерін көтеру цикліне күрт көшуі және әлемдік инфляцияның өсуі бағаны төмендеуіне ықпал етті. Нәтижесінде әлемдік қор алаңдарының көпшілігі аю нарығының аумағында I жартыжылдықты 20% - дан астам төмендеумен жапты. I жартыжылдықта KASE индексі 27,2% жоғалтты, 17 маусымда жергілікті минимумға 2 617,15 нүкте деңгейінде жетті.

Қазіргі жағдайда KASE Халықаралық экономикалық санкциялар режиміне байланысты бірқатар іс-шара өткізді. Енгізілген санкциялық шектеулер мен тыйымдарға, оның ішінде халықаралық консультанттарды тарта отырып талдау жүргізілді және АҚШ, Ұлыбритания, ЕО елдері мен өзге де елдердің санкцияларына байланысты белгілі бір операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу жөнінде шаралар қабылданды. Ішкі бақылау күшейтілді және бизнес-процестер оңтайландырылды, KASE ішкі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізілді. Санкциялардағы адамдарға қатысты жаңа шектеулер мен санкцияларға тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Екіншіден, тұрақты инфляция, ақша-кредит саясатының қатаңдау қарқынының жалғасуы және геосаяси шиеленіс жетекші әлемдік алаңдардың одан әрі төмендеуіне ықпал етті (SP 500 4,9%, Dow Jones – 6,2%, Nasdaq – 4,4% жоғалтты). Алайда қазақстандық қор нарығындағы халықаралық алаңдарға қарағанда, KASE индексі шілде және тамыз айларында тиісінше 10,4% - ға және 6,7% - ға өсіп, 13 қыркүйекте 3 173,01 нүктенің ең жоғары нүктесін тіркеді.

Үшіншіден, KASE индексі әлсіз теріс динамикамен көлденең трендке көшкен және қазіргі уақытта 3 100 нүкте аймағында шоғырланған осы жылдың қыркүйек айынан бастап жағдай тұрақтана бастады.

KASE цифрлық құралдарына инвестицияларға сұраныстың жаһандық өсуіне байланысты Қазақстан аумағында цифрлық активтерді енгізу және олардың айналымы мүмкіндігі үшін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мүмкіндігі бөлігінде уәкілетті органмен мәселе пысықталып жатыр.

- Жақында ҚМГ IPO өтті. KASE командасы қандай нәтижелерге қол жеткізді?

- «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ IPO жергілікті инвесторлардан тартылған қаражат көлемі бойынша қазақстандық қор нарығы тарихындағы ең ірісі болды. KASE сауда-саттық жүйесіне жазылу арқылы компания 137,5 млрд теңге, оның ішінде жеке тұлғалардан 70,1 млрд теңге (51,0%), заңды тұлғалардан 12,1 млрд теңге (8,8 %) және институционалдық инвесторлардан 55,3 млрд теңге (40,2 %) тартты. Қысқа мерзімде KASE акцияларды KASE индексінің есебіне енгізу туралы мәселені қарастыруды жоспарлап отыр.

2021 жылы бөлшек инвесторлар ашқан шоттар саны 133 мыңнан 218 мыңға дейін өсті, ал жұмыспен қамтылған халықтың тартылуы 2,3% - ға жетті. 2022 жылғы 01 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде 490 519 жеке тұлғаға ашылған 522 970 дербес шот болды, бұл жұмыспен қамтылған халықтың 5,6% мөлшеріндегі қатысу деңгейіне сәйкес келеді.

Бұл ретте «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Ұлттық активтерді жекешелендіру бағдарламасын 2023 жылы «Эйр Астана» АҚ Ұлттық авиатасымалдаушысының IPO, «Самұрық-Энерго» АҚ - ның жасыл портфелі - «Green Co» және «KEGOC» АҚ SPO өткізу есебінен IPO арқылы одан әрі іске асыруы күтіледі.