Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2022

Ақтөбе облысында газ жарылып, екі адам зардап шекті

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы Шұбаршы ауылында оқыс оқиға болды. Газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан екі жергілікті тұрғын зардап шекті, бір үй құлады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында газ жарылып, екі адам зардап шекті

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, түнгі сағат 2-де диспетчерлік қызметке жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылғаны туралы қоңырау түскен.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар газдың жарылғанын анықтады. Үйдің қабырғалары мен шатыры опырылып, екі адам зардап шекті.

«Алдын ала болжам бойынша, газ жылыту қазандығының дұрыс жұмыс істемеуінен жарылып, одан кейін 84 шаршы метр аумақта үйдің қабырғасы мен шатыры опырылған. Нақты себебін сараптама анықтайды. Екі адам зардап шекті – әйел мен оның қайын атасы. Зардап шеккендер Кеңқияқ ауылының аудандық ауруханасына жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты»,  деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.