Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2022

Екібастұзда 40-тан астам үйге су берілмеген

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда 40-тан астам үй сусыз отыр. Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекин брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда 40-тан астам үйге су берілмеген

«Қазір 40-тан астам үй салқын сусыз отыр. Кеше сусыз отырған үйлердің саны 56 болып еді. Бұл бағытта оң динамика байқалады. Әрине, бұл жағдай электр жүйелеріне салмақ түсіруде. Бұрын қала 30-32 мегаватт электр энергиясын тұтынса, қазір ол тәулігіне 48-55 мегаваттқа жетіп отыр. Электр желілеріне күш түсуінен бүгінгі таңда 11 үй жарықтан ажыратылды. Қазіргі таңда қалада жалпы 7 бригада жұмыс істеп жатыр», деді әкім брифингте.