Пікір • 28 Қараша, 2022

Еңбек адамына – ерекше құрмет

628 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілетіні туралы айтты. Өте орынды пікір.

Еңбек адамына – ерекше құрмет

Кешегі кеңес заманында еңбек адамына ерекше құрмет көр­сетілді. Қоғам байлығы қара­­­пайым құрыш қолды адам­дар­дың маңдай терімен жинал­ды. Заманында кеңшар, астық қа­былдау кәсіпорнының ди­рек­торы болып қызмет істеп жүр­­ген кезімізде алды­нан жұ­мыс үркіп тұратын еңбек адам­дарының қажырлы, қай­ратты ісін көріп сүйсінетін едік. Уақыт­­пен санас­пай ерен еңбек­тің кө­рігін қыздырған дала ер­лері әсіресе науқандық жұмыс кезін­­де күнді түнге, түнді күнге ұлас­­тырып, кірпік ілмей қаре­кет ететін. Озаттардың еселі еңбегі өзге­лерге үлгі етілетін. Олар­дың су­реттері Құрмет тақта­сына ілініп, әрқилы жарыстарда жеңімпаз атанып, мақтау ма­ра­паттауға ие болды. Осының өзі ең­бек адамдарын топтастыра түсті, жігерлерін жаныды, көкі­рек­­теріне өлшеусіз күш-қуат құйды.

Ел Президентінің еңбек адамдарын бағалау, құрметтеу туралы лебізін естіген кезде бас көтер­мей жұмыс істеген жастық ша­ғым көз алдымда қылаң берді. Қазір ауыл шаруашылығы құры­лым­дарында механизатор, ком­ба­йн­­шылар жетіспейді. Жұмыс беру­шілер өзге де мамандарға зәру. Осының барлығы – соңғы жыл­дары қарапайым еңбек ада­мын қадірлемегендіктен. Сондықтан жастар жағы еңбек ету­ге құлықсыз. Кешегі дәстүр сабақт­астығы үзілді. Осы бір түйін­ді мәселені Мемлекет бас­шы­сы өте дұрыс аңғарып, қоғам­ды олқылықтың орнын толтыруға шақы­рып отыр. Түптеп келгенде, бұл – елдің өте ауқымды, маңызды шаруасы. Жалпақ жұрт­ты іргелі істерге бағыттап, кең ауқымды жұмыстар іс тындыру үшін қоғамға пайдалы кез келген маман­дық иесі құрметтелуі керек.

 

Амангелді БЕКҚОЖИН,

еңбек ардагері