Қазақстан • 21 Қараша, 2022

Елордада Сирия бойынша халықаралық кездесу өтеді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-23 қарашада Астанада Сирия бойынша кезекті 19-шы халықаралық кездесу өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Сирия бойынша халықаралық кездесу өтеді

«Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия Үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары қатысады. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдері келеді деп күтілуде», деді СІМ ресми өкілі А.Смадияров.

Ресей делегациясын Ресей Федерациясы президентінің Сирияны реттеу жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын – СІМ Бас директоры Унал Сельчук, Иран делагациясын – Сыртқы істер министрінің аға көмекшісі Хаджи Али Асгар, Сирия Үкіметінің делегациясын – Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухаммед Айман Сусан, Сирия оппозициясының делегациясын Ахмад Тома басқарады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10