«Бұған дейін «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Саудабаев Серік Болатұлы «Энергоинформ» АҚ басқарма басшысы болып тағайындалды», делінген ведомство хабарламасында.
«Энергоинформ» – «KEGOC» АҚ-ның еншілес ұйымы. Қазақстанның ұлттық энергетикалық жүйесіне қатысушылардың ақпараттық-телекоммуникациялық кешендерінің жұмысын және дамуын қамтамасыз етеді.
Серік Саудабаев 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қазан айына дейін «Қазпошта» басшысы қызметін атқарған.
Қазан айының басынан бастап Қазпоштаны бұрынғы Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова басқарып келеді.