Қоғам • 11 Қараша, 2022

«ҚазТрансГаз Аймақ» филиалына 6 млн теңге айыппұл салынды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалына 6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазТрансГаз Аймақ» филиалына 6 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша монополиялық қызмет нәтижесінде алынған кірістің үстіне қосылған бес пайыз мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының тұтынушыларды қосу кезінде дәнекерлеу және монтаждау жұмыстары бойынша қызмет көрсету нарығындағы әрекеттерінде монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілерін анықтады. 

Монополияға қарсы заңнама нормаларын бұза отырып, «ҚазТрансГаз Аймақ» барлық жұмыс көлемін тек бір субъектіге беріп, осылайша бәсекелестікті шектеп, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарына нұқсан келтірген.

Айта кетейік, бұған дейін 27 маусымда «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.