Қоғам • 09 Қараша, 2022

Астанада тауарлық газ бағасы төмендеді

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-да жүргізілген сараптамадан кейін Астана қаласы мен Қарағанды облысында газ бағасының төмендегені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада тауарлық газ бағасы төмендеді

Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитеті Астана қаласы мен Қарағанды облысы бойынша «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ тұтынушылары үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасына сараптама жүргізді.

2022 жылдың қыркүйегінде Тарифтік ведомствосының сұрауы бойынша «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ баға сараптамасын жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбегін ұсынған еді.

Сараптама қорытындысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның Астана қаласының тұтынушылары үшін жабдықтау үстемақысын 35,21%-ға, ал Қарағанды облысының тұтынушылары үшін 32,15%-ға төмендеткен.

«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, жабдықтау үстемақысының деңгейін төмендету бөлігінде, 2022 жылғы 4 қарашадан бастап Астана қаласының тұрғындары 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 906 теңгеге, ал Қарағанды облысының тұрғындары 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 1 281,25 теңгеге бұрын қолданыста болған бағадан төмен төлейтін болады. Бұл ретте, Астана қаласында бұған дейін 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 34 550,69 теңге, Қарағанды облысында 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 36 430,30 теңге мөлшерінде баға қолданылған болатын, мұнда бүгінде төмендеу тиісінше 2,62% және 3,52% құрады», делінген комитет хабарламасында.