Президент • 08 Қараша, 2022

«Мұны төмен көрсеткіш деуге болады»: Президент Атырау облысындағы инфрақұрылымды сынады

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Атырау облысының жұртшылығымен кездесу барысында облыстың инфрақұрылымын жақсарту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мұны төмен көрсеткіш деуге болады»: Президент Атырау облысындағы инфрақұрылымды сынады

«Автокөлік жолдарының сапасы халықтың тұрмысына және экономикаға тікелей әсер етеді. Бұл сала Атырау облысында ақсап тұр. Жергілікті жолдардың 72 пайызы ғана орташа күйде. «Мұны төмен көрсеткіш деуге болады»,  деді президент.

Сондай-ақ облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың сапасы да жақсы емес екенін атап өтті. Мәселен, «Атырау – Астрахань» күре жолын жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Үкімет оны уақытылы және сапалы аяқтауды қамтамасыз етуге тиіс.

«Жалпы, облыстағы шұрқ тесік жолдар талай рет жұрттың сынына ұшырады. Бірақ содан ешқандай нәтиже жоқ, тиісті мекемелер өз жұмысын дұрыс орындамайды. Ауданаралық, облысаралық жолдардың сапасы жақсармаса, аймақтарды дамыту туралы айтудың өзі қиын. Сондықтан, жол құрылысы менің жеке бақылауымда болады», деді Қ.Тоқаев.