Медицина • 03 Қараша, 2022

Медицинадағы медузалар

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемде жыл сайын 3 қара­шада Дүниежүзілік медуза күні атап өтіледі. Бұл – жер бетінде адамдарға қара­ғанда ұзақ жыл өмір сүретін мөлдір жела­тинді денесі бар омырт­қасыз теңіз жануары. 500 миллион жылдан астам уа­қыт бойы тір­шілік етіп келе жатқан медуза балық не өсім­дік емес, 98% судан тұратын денесі күмбезге ұқ­сас мөлдір жара­тылыс. Осы медузалардың ме­дици­на­ға пайдасы барын білесіз бе?

Медицинадағы медузалар

Медузаның қаңқасы да, көзі де, миы да жоқ, бірақ әдетте екі жүйке жүйесі болады. Ең кіш­кентай медузаның диаметрі 4 см болса, корнерот отрядынан шық­қан алып Медуза Номура көлемі бо­йынша диаметрі екі метрге же­туі мүмкін, ал салмағы 200 килограмм. 

Медицинада медузаның өң­делген денелері бар препараттар бедеулікті, семіздікті, тазды және сұр шашты емдеу үшін қол­данылады. Тыныс алу жасу­шаларынан алынған тыныс жол­дарының ауруларын жеңуге және қан қысымын қалпына келтіруге де көмектеседі дейді ма­мандар. Мәселен Таиланд, Корея, Қытай және Жапонияда ме­дузаны трахеит, бронхит, қан қысымын төмендету үшін қол­данады. Орта ғасырларда іш жүргізетін дәрілер мен диуретиктер медузадан жасалса, сондай-ақ стреспен күресуге көмектесетін олардың жай қимылдарының өзі адам жанын тыныштандырады екен. Оларды көбіне теңіз жағалауында орналасқан елдер тамақ өнімдерінде бұрыннан пайдаланады.

Көрнекті швед ғалымы және табиғат зерттеушісі Карл Линней 1752 жылы бұл таңғажайып жануарды медуза деп атаған. Қазір­гі ғалымдар қатерлі ісіктерді жеңу­дің жолдарын зерттеуде меду­залардың көмектесу мүмкіндігін растап отыр.