Оқиға • 03 Қараша, 2022

ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы жағдай 2 қараша күні сағат 14:00 шамасында Өскемен-Риддер автожолының 3-ші шақырымында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

Глубокое ауданы Опытное поле ауылының бұрылысында Nissan Note және Toyota Land Cruiser автокөліктері соқтығысып қалған.

«Жол апаты салдарынан Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал әртүрлі дене жарақаттары бар екінші жолаушы медициналық мекемеге жатқызылды», деп жазылған ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345 -бабы 4-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру ережелерін бұзуы, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Олардың қорытындылары бойынша процестік шешім қабылданады.