Аймақтар • 02 Қараша, 2022

Шымкент тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп қалды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент тұрғыны алаяқтың уәдесіне сеніп, 2 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Шымкент тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп қалды

Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Зардап шегушінің айтуынша, досы оған мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде еткен. «Қызметі» үшін жәбірленушіден 2 миллион теңге алған. Ал біраз уақыттан кейін уәде орындалмай, ақша қайтарылмаған.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелген.

Күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20