Қоғам • 02 Қараша, 2022

Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң әзірленеді

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі құқықтық форумда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң әзірленеді

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын әзірлеуде. Бұл декларативті акт болмауы керек. Ол құқық қолданудағы барлық «ақ дақтарды» және «соқыр аймақтарды» жоюы тиіс», деді Марат Ахметжанов.

ІІМ басшысы бүгінгі таңда заң жобасында қылмыстық іс қозғауға қарамастан, «адам саудасының құрбаны» ұғымының заңнамалық анықтамасы көзделгенін айтты. Осылайша, оның кешенді әлеуметтік көмек алуы үшін құқықтық негіздер құрылады.

Сондай-ақ кешенді алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында алғаш рет «адам саудасының әлеуетті құрбаны» және «осал жағдай» ұғымдары енгізілуде. Осылайша, «тәуекел тобына» профилактикалық көмек көрсету шарттары мен негіздері жасалады. Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық және өңірлік комиссиялардың құқықтық мәртебесі бекітіледі. Оларға осы саладағы қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал ету құзыреті беріледі.

«Олардың ұсыныстары үкіметтік жоспарда ескеріледі. Ал бұл нақты мерзімдер, орындаушылар және жауапкершілік», деп түсіндірді М.Ахметжанов.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше