
Бұған дейін саясаткер ОПЕК+ ұйымының мұнай өндіруді қысқарту туралы шешімі аясында Сауд Арабиясына әскери технологиялар беруді тоқтатуды ұсынып, Пентагонмен келіссөз барысында бұл мәселені тереңірек зерттеуге ниетті екенін айтқан болатын. The Guardian басылымына берген сұхбатында Блюменталь АҚШ-тың Эр-Риядтағы серіктестерімен бөліскен технологияның Ресейге әшкере болмауын қадағалайтынын, бір жағынан алаңдайтынын айтты. «Біз Пентагонмен әлі де келіссөз жүргізіп, кеңесеміз, олармен қару-жарақ жүйесінің озық технологиясын берген жағдайда, қандай шара қолданатыны немесе оның алдын алу туралы ашық сөйлесеміз», деді ол сұхбатында.
Сенатор сондай-ақ Сауд Арабиясындағы және әлі де транзитте жатқан қаруды Украинаға беру туралы ұсынысты қолдайтынын атап өтті. Дегенмен бірқатар сарапшы Киевке қару-жарақ беру қиынға соғып, қақтығыстың шиеленісуіне әкелетінін атап өтті. Өз кезегінде Блюменталь украиндық жауынгерлерді елден тыс жерлерде даярлауға болатынын айтты.
Қару-жарақты бақылау қауымдастығының аға ғылыми қызметкері Джефф Абрамсон Сауд Арабиясының ондаған жыл бойы АҚШ-тың әскери техникасын, соның ішінде заманауи қару-жарақ жүйелерінің негізгі сатып алушысы болғанын атап өтті. Бұған дейін Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Халед бен Салман Әл Сауд «Украинадағы қақтығыста Ресейді қолдады» деп еліне тағылған айыптарды негізсіз деп мәлімдеген болатын.
Ал ОПЕК-тің келесі айда мұнай өндіруді күніне 2 млн баррельге қысқарту туралы шешімі Сауд монархиясы мен Вашингтондағы демократтар арасындағы келіспеушілікті тереңдете түсті.
Эр-Риядтың Украинамен қақтығыста оның Ресей жағына шығуын, жанармай құю бекеттеріндегі жанармай бағасын көтеруін АҚШ билігі келесі айда өтетін маңызды аралық сайлау алдында Джо Байден мен демократтарға кері әсер етілді деп санайды. Байден де, оның Конгрестегі Демократиялық одақтастары да бұл қадамға көңілі толмайтындықтарын білдірді. АҚШ президенті Сауд Арабиясының бұл қадамына «жауап» болатынын ескертіп, Сауд Арабиясын АҚШ-пен қарым-қатынасын өзгертуге шақырды. Өткен жексенбіде Ақүйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан президент Байден ірі мұнай өндіруші елмен қауіпсіздік жағынан көрсетілетін көмек арқылы есесін қайтаратынын айтты. Алайда дәл сол күні Сауд Арабиясының қорғаныс министрі Халид бен Салман Twitter-де ОПЕК+ мұнай өндірісін қысқарту туралы шешімді «таза» экономикалық себептермен бірауыздан қабылданғанын айтып, пікір білдірді. Ал бұл шешімге қатысты Пентагон әлі ресми түсініктеме берген жоқ.
АҚШ-тың Демократиялық партиясының депутаты Ричард Блюменталь Ресейдің Эр-Риядтағы америкалық серіктестермен бөлісетін құпия технологияға қарсы болғанымен қазіргі уақытта Сауд Арабиясында және Украинадағы одақтастарына қару-жарақ беру туралы ұсыныстарды қолдайтынын мәлімдеді.
Сауд Арабиясының қару-жарақ сатылымын зерттеген Йель менеджмент мектебінің профессоры Джеффри Сонненфельд соңғы бес жылда Американың ең сезімтал қару-жарақтары Сауд Арабиясына жөнелтіліп отырғанын айтты. «Бізде Канада, Ұлыбритания, Израиль және Аустралияны қоса алғанда, Сауд Арабиясы сияқты бірегей қауіпсіздік серіктестігі бар одақтастарымыз жоқ», деді ол The Guardian-ға берген сұхбатында. Ал екі ел арасындағы қару-жарақ туралы келісімдер 2017 жылы Трамп әкімшілігі тұсында басталған еді.