Әлем • 13 Қазан, 2022

Владимир Путин: Көпполярлы әлемде Азия шешуші рөл атқарады

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путин Астанада өткен АӨСШК саммитінде Азияның көпполярлы әлемдегі жетекші рөлін атап өтіп, өңірдегі есептеулерде ұлттық валюталарды белсенді пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Владимир Путин: Көпполярлы әлемде Азия шешуші рөл атқарады

«Қазіргі әлем шынымен көпполярлы және Азия бұл әлемде маңызды рөл атқарады», деді ол өз сөзінде.

Владимир Путиннің айтуынша, Азия өңірінде жұмыс істейтін ШЫҰ, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы, Еуразиялық экономикалық одақ сияқты интеграциялық бірлестіктердің іс-әрекеттеріне Ресей де белсене қатысады.

Осы тұста ол Ресей Азияның дамуы мен өркендеуін жақтап, экономиканың әртүрлі салаларындағы кооперациялық байланыстарды кеңейту және тереңдету мақсатында тиімді сауда және инвестициялық ынтымақтастықтың кең кеңістігін құру идеясын жақтайтынын айтты.

Жиын барысында Путин әлемдік қаржы жүйесінің жұмыс принциптерін қайта қарау қажет екенін жеткізді.

«Бірінші кезектегі қадам ретінде біз өзара есептеулерде ұлттық валюталардың белсенді қолданылуын байқап отырмыз. Мұндай шаралар біздің мемлекеттеріміздің қаржылық егемендігін нығайтуға ықпал ететіні белгілі», деді  Ресей президенті.

Айта кетсек, Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтіп жатыр.