Қазақстан • 13 Қазан, 2022

Владимир Путин Астанаға келді

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Астанада өтетін бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Владимир Путин Астанаға келді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ресей президентін елордалық әуежайда күтіп алды.

Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады деп жоспарлануда.

Айта кетсек, АӨСШК саммитіне қатысу үшін 11 мемлекет басшылары Астана төрінде жиналады.

Сонымен қатар Владимир Путин ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия - Ресей» саммитіне қатысады деп күтілуде.