Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022

Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Прокурор Қайрат Сатыбалдының мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырумен алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында Қайрат Сатыбалдының ісі қаралып жатыр.

«Қ.Сатыбалдының мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге лауазымды қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ 6 жылға бас бостандығынан айыру үкімі тағайындалсын. Ол ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін. Сатыбалдының тұтқында ұсталған уақытын тұтқындағы бір күн 1,5 күнге тең деп есептелсін», деді прокурор Жангелді Есебаев.

Қайрат Сатыбалды өз кезегінде ұсынылған жаза түрімен келісетінін айтты.