Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022

ОСК сайлауға дайындықты бастады

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең, 22 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОСК сайлауға дайындықты бастады

Орталық сайлау комиссиясының отырысында келесі мәселелер қаралады:

  • 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту;
  • Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік БАҚ өкілдерінің қызметін ұйымдастыру;
  • 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру.