Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2022

Ертіс өзенінің алқабында өрт шықты

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заря ауылдық округінің Подстепка маңындағы Ертіс өзенінің алқабында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертіс өзенінің алқабында өрт шықты

ТЖ департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 20 гектар алаңда құрғақ шөп пен қамыс өртенген. 

Жалын сағат 16:50-де ауыздықталып, 17:20-да толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге Павлодар облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің 17 қызметкері мен 5 техникасы, Орман шаруашылығының 6 қызметкері мен 2 техникасы, Заря ауылының өрт сөндіру бекетінің 6 қызметкері және 1 техникасы, Заря ауылдық округінің ЕӨҚ-ның 15 адамы жұмылдырылды.