Парламент • 14 Қыркүйек, 2022

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz  Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», делінген бұйрық мәтінінде.