Үкімет • 13 Қыркүйек, 2022

Биыл 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Әлихан Смайылов 8 айдағы Қазақстан экономикасының дамуын қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Премьер-Министр экономикалық өсудің негізгі драйверлері өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, оның ішінде автомобиль жасау, локомотивтер мен вагондарды қосқанда, басқа да көлік құралдарының өндірісі екенін атап өтті.

Бұдан бөлек құрылыс секторында жоғары өсу қарқыны қамтамасыз етіліп, 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгені белгілі болды. 

Сондай-ақ ауыл шаруашылығында, саудада, көлік және байланыс салаларында оң динамика тіркелген.

«Барлық негізгі көрсеткіштер Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында өсіп отыр. Барлық өңір әкімдіктері экономиканың өсу қарқынын төмендетпеуі керек», деді Әлихан Смайылов.