Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2022

«Отандастар қоры» шетелдегі қазақ балаларына ана тілін үйретеді

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы  8 қыркүйектен бастап  «Отандастар қоры» КеАҚ шетелде тұратын қандас балаларға қазақ тілін үйрету мақсатында «Достар алаңы» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Отандастар қоры» шетелдегі қазақ балаларына ана тілін үйретеді

Бұл жобаның басты мақсаты - әлемнің әр түкпірінде тұратын қазақтардың ана тілімізде әңгімелесетін ортасын қалыптастыру.

Жоба қатысушылары қазақ тілінде сөз саптап, сөйлем құрауды үйренеді. Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүр мен ұлы тұлғалар туралы ақпаратқа қанығады. Күн сайын түрлі тақырыптар талқыланады. Осылайша,  әлемнің әр жерінде жүрген қазақ балаларын бір алаңға топтастырып, бір-бірімен достасуларына да мүмкіндік жасалады.

Осыған орай «Отандастар қоры» шетелде тұратын қазақ балаларына ана тілімізді үйрету үшін  мектеп жасындағы оқушылар мен ұлтжанды жастарды жобаға атсалысуға шақырады.

Өзге де ақпараттарды Қордың ресми сайтынан табуға болады.