Әлем • 04 Қыркүйек, 2022

Қырғызстанның экс-президенті БҰҰ өкілі болып тағайындалды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның экс-президенті БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанның экс-президенті БҰҰ өкілі болып тағайындалды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Роза Отунбаеваның ұйымның Ауғанстандағы арнайы өкілі және Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының (UNAMA) басшысы болып тағайындалғанын мәлімдеді.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі «Роза Отунбаева канадалық Дебора Лионстың орнына келді» деп жазды.

Роза Отунбаеваның  көшбасшылық, дипломатия, азаматтық белсенділік және халықаралық ынтымақтастық саласында 35 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Ол Қырғыз Республикасының Президенті (2010-2011) қызметін атқарды және үш рет Сыртқы істер министрі болған.