«Берел» қорық-музейі мен Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесе ұйымдастырған көрмеге Зайсан және Тарбағатай аудандарындағы Шілікті мен Елеке сазы қорымдарынан табылған 400-ден астам құнды жәдігерлер қойылды. Ең құнды деген жәдігерлерді атап айтар болсақ, 2003 жылы «Бәйгетөбе» қорымынан табылған «Алтын адамның» заттары, 1960 жылдары С. Черниковтың жүргізген қазбасы кезінде табылған жәдігерлер, сондай-ақ 2018-2021 жылдардағы зерттеулер нәтижесінде Елеке сазы қорымдарынан табылған алтын бұйымдар.
«Шілікті. Патшалар алқабының жауһарлары» көрмесі музейлер арасындағы әріптестікті дамыту және Шығыс Қазақстан облысының тарихи жерлерін халыққа кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған.