Оқиға • 24 Тамыз, 2022

Павлодар тұрғыны өз үйінен шыққан өрттен қаза тапты

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Павлодарда 36 жастағы ер адамның үйінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар тұрғыны өз үйінен шыққан өрттен қаза тапты

24 тамыз күні сағат 04:14-те 101 нөміріне Ертіс бақшасында саяжайда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер ауданы 30 шаршы метрді құрайтын бір қабатты кірпіш үй толығымен жанып кеткенін хабарлады. 

«Газ-түтіннен қорғау қызметі 36 жастағы ер адамның күйіп кеткен мәйітін тапты, сондай-ақ күйік шалған 62 жастағы саяжай иесін бірінші қалалық ауруханаға жатқызды», деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар шатырдан 27 литрлік газ баллоны шығарылды. Өртті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкері екі арнайы техниканың көмегімен сөндірді. Өрттің себебі мен келтірілген залал мөлшері анықталуда.