Әдебиет • 22 Тамыз, 2022

Қоғамды сілкіндірген шығармалар

800 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шындығында кітап оқу тек ләззат алу ғана емес: сан ғасырлардың сырын шертетін кітаптар біздің санамызға терең әсер етіп, сыртқы әлемге көзімізді ашады, кейде тіпті жақсы кітаптар әлеуметтік өзгерістердің катализаторы ретінде әрекет етеді. Дүниежүзілік экономикалық форум ұжымының сайты қоғамды өзгерткен таңдаулы романдардың атын атады. Біз солардың үшеуіне тоқтала кетейік.

Қоғамды сілкіндірген шығармалар

«Том ағайдың үйі», авторы Гарриет Бичер Стоу

«Демек сіз осы ұлы соғыс ту­ралы кітап жазған әйел қалам­герсіз». Авраам Линкольн 1862 жылы жазушы Гарриет Би­чер Стоумен кездескен кезде осы­лай деп еді. «Том ағайдың үйі» ро­маны жарыққа шыққан он жыл­дан кейін ХІХ ғасырдағы ең көп сатылған кітаптың бірі бол­ды. Романда Том ағайдың, афроамерикалық құлдың оқи­ғасы құлдық қасіретін ал­ғаш рет көркем шығарма дең­гейін­де жұртшылықтың назарына ұсынылып, көптеген оқырманды ойға қалдырды.

«Джунгли» романы, авторы Аптон Синклэр

Журналист Аптон Синклэр­дің 1906 жылғы романы Чи­кагоның ет өңдеу өнеркәсібіндегі иммигрант жұмысшылардың басынан өткізген оқиғаларын, әртүрлі қиыншылықтарын, ауыр еңбекке жегілу жағ­дай­ларын, кедейлік өмір мен әсіре қанауды сөз етеді. Бұл кітап қара жұмыс істейтін кедей­лердің ауыр халін, билік басын­да­ғылардың жең ұшынан жал­ғас­қан жемқорлығын ашық көр­сеткісі келген. Сол себепті бұл шы­ғарма өткен ғасырдағы АҚШ-тағы саяси ықпалы күш­ті туындылардың бірі болып­ саналды. «Джунглиді» оқығаннан кейін президент Теодор Руз­вельт Чикагоның ет өңдеу өнер­кә­сібіне тергеу жүргізуді тапсырады. Бір жылдың ішінде «Таза азық-түлік және дәрі-дәр­мек туралы» Заңмен бірге ет инс­пекция­сы туралы заң қа­былданды, ол кейіннен Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқар­масының құрылуына себеп болады.   

«Қаһарлы жүзім», авторы Джон Стейнбек

Әлемдік бестселлерге ай­нал­ған бұл роман Кали­форнияға жұ­мыс табу үшін сапарға шық­қан жүз мыңдаған мигрант­тың депрессия дәуіріндегі ауыр кедейлік пен жоқшылық жағдайын сөз етеді. Бұл шығарма да цензураға ұшырады, айталық аталған романға Калифорнияда тыйым салынды және өртелді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15