Оның айтуынша, егу пукттерінде вакцина қоры жеткілікті.
«Бүгінгі таңда бізде QazVaс вакцинасының 2 мыңға жуық дозасы және Pfizer вакцинасының 2 мыңға жуық дозасы бар», деді дәрігер.
Қыркүйек пен қазан айларында Алматыға QazVac-тың 28 200 дозасы және Pfizer-дің (Comirnaty) 26 910 дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Соңғы препарат әсіресе жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған.
«Бұған дейін Pfizer вакцинасын алуға ниет білдірген тұрғындардың бәріне салдық. Қазір оны шектедік. Енді ол үш санаттағы азаматтарға ғана егіледі. Атап айтқанда, жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге, деді Гүлжайнат Тілеген.