Тағайындау • 04 Тамыз, 2022

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы тағайындалды

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ғалым Құрман «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы тағайындалды

Ғ. Құрман Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін тәмамдады.

Еңбек жолын Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бухгалтерлік есеп қызметінің бас экономисі ретінде бастады.

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары, Астана және Шымкент қалаларындағы Тексеру комиссиясының мүшесі, «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

«Мемлекеттік аудитор» біліктілігіне ие. Биылғы наурыз айынан бастап «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, ІІІ дәрежелі «Қаржы сақшысы» төсбелгісімен марапатталған.